Choose your region and language

Go

Menu

Жеке ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпе

1. Кіріспе

Бұл мердігердің жеке ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпесі ("Ескертпе") ABB Ltd, Швейцария деген атаумен белгілі ABB Group компаниясына және ABB Ltd, Швейцария тікелей немесе жанама түрде акциялардың басым көпшілігіне ие немесе дауыс беру құқықтарының басым көпшілігіне ие не оларды басқаратын әрбір нысанына қолданылады. Сізбен, жұмыс берушіңізбен немесе сізді ABB компаниясына тағайындаған компаниямен келісімшартқа отырған ABB компаниясы ("ABB" немесе "біз" деп аталады) осы ескертпеге сәйкес сіздің жеке деректеріңіздің өңделуі үшін жауапты және оның пайдаланылу жолын бақылайды.

ABB компаниясының басты мақсаты сіздің деректеріңізді қорғау құқықтарының сақталуы болып табылады. Бұл ескертпеде сіздің жеке деректеріңіздің пайдаланылу жолы, осы деректерді өңдеу жолы және жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңыз түсіндірілген. 

2. Жеке деректеріңіздің өңделуі үшін жауапты тұлға кім?

ABB Ltd және оның еншілес компаниялары сіздің жеке деректеріңіз үшін жауапты. Қолданыстағы құпиялылық және деректерді қорғау заңнамасына сәйкес деректеріңіздің негізгі бақылаушысы сізбен, жұмыс берушіңізбен немесе сізді ABB компаниясына тағайындаған компаниямен келісімшартқа отырған ABB еншілес компаниясы болып табылады. Басқа да ABB еншілес компаниялары сондай-ақ бақылаушы немесе өңдеуші ретінде жеке деректеріңізді қабылдап, өңдей алады және осы ескертпе оларға тең деңгейде қолданылады.

3. Біз жинап, пайдаланатын ақпарат түрлері

Біз жұмыс тапсырмаңызға және жұмыс тапсырмасы/жұмыс мазмұны бойынша тікелей ABB компаниясына көрсетілетін қызметтеріңізге қатысты жеке деректеріңізді жинап, пайдаланамыз. Жеке деректерді мынадай санаттар бойынша жинай аламыз:

  • Аты-жөні, қызметі/лауазымы, жұмыс беруші, жұмыс берушінің мекенжайы, ұлты, салық төлеушінің нөмірі, жұмыс рұқсаты/виза туралы ақпарат, ұйымның электрондық пошта мекенжайы, ұйым мекенжайы, телефон нөмірі, ұялы телефон нөмірі, телефакс нөмірі, жеке телефон нөмірі, жеке электрондық пошта мекенжайы, жынысы, туған күні сияқты бізбен бөлісетін идентификациялық деректер және іскерлік байланыс ақпараты.

  • Жұмыс тапсырмаңыз, келісімшарттағы міндеттемелеріміз және келісімшарт алдындағы шаралардың, оның ішінде жазысқан хаттар туралы деректер, ұсыныстар, тендерлер, түйіндеме, компанияның беделін тексеру деректері, шарттар, біліктілік сертификаттары, келісім және тапсырыс деректері, шот-фактуралар, төлемдер, іскерлік серіктестік тарихы, сұраулар/сұрақтар/шағымдар/тапсырыстарға қатысты жазбалар, жұмыс уақытының журналы және дайындық пен оқыту жазбалары, көліктің нөмірлік белгісі, сақтандыру деректерінің сақталуына қатысты деректер сияқты жұмыс тапсырмаңыз барысында берген қосымша ақпарат.

  • Банк шоттарының тізімі, төлем бойынша мәліметтер, транзакциялар, шығындарды өтеу бойынша талаптар және ақша түсімдері, банк шоты бойынша мәліметтер, кредиттік карта деректері сияқты шығынға қатысты ақпарат.

  • Байланыс жүйелері, АТ қолданбалары және веб-сайт браузері (мердігер қолданыстағы заңға сәйкес осындай жүйелерге қатынаса алатын немесе мердігерге олардың тарапынан ықпал болған жағдайда) арқылы жиналатын ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы (жүйеге кіру, АТ және интернеттің пайдаланылуы), құрылғы идентификаторы (мобильді құрылғы идентификаторы, компьютер идентификаторы), тіркелу және жүйеге кіру деректемелері, IP мекенжайы, жүйеге кіру деректері мен журнал файлдары, сараптау идентификаторы, сандық лақап ат/қол, уақыт және сайт сілтемесі, іздеу әрекеттері, веб-сайтқа тіркелу және cookie деректері жазбалары (мысалы, дауыстық хат/телефон жазбалары, Skype жазбалары) сияқты электрондық идентификациялық деректер мен ақпарат.

  • Сіз және басқалар (мысалы, әріптестеріңіз) біздің жүйелерімізге, бағдарламаларымызға және қолданбамызға тіркей алатын жеке ақпарат (мысалы, сұраулар, сұрақтар, шағымдар, тапсырыстар және қатысты жазбалар, электрондық хаттар, есептер, келісімшрттар, көрсетілімдер, протоколдар, жұмыс нәтижелері), фотосуреттер, кескіндер және/немесе бейнелер

  • қамтылған іскерлік құжаттар сияқты басқа да жеке деректер.

Жеке деректердің төменде көрсетілген түрлері тек еліңіздің қолданыстағы жергілікті заңдарына сәйкес және жұмыс тапсырмаңызға байланысты болған жағдайда ғана жиналып, өңделеді.

  • Іссапар кезінде оқыс оқиға туындаған жағдайда қолдау көрсету деректері (қан тобы, медициналық кітапша, аллергиялар) сияқты жеке деректердің арнайы санаттары.

  • Сотталу фактілерін тексеру мақсаттары бойынша сотталу фактілері туралы ақпарат сияқты сотталғандық және құқықбұзушылық туралы деректер.

  • Міндеттемелерді орындау үшін қажет дәрежеде, жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынатын немесе жұмыс беруші немесе сізді ABB компаниясына тағайындаған компания арқылы ABB компаниясына берілген деректер сияқты басқа үшінші тараптар арқылы (мысалы, кредиттік агенттік) заңды түрде берілетін деректер, коммерциялық тіркелім деректері, несиелік қабілеттілік деректері.

Жеке деректерді арнайы өңдеу әрекеті туралы ақпарат алу қажет болса, www.abb.com/privacy  мекенжайы бойынша сұраныс жіберуге болады.

4. Жеке деректеріңіздің пайдаланылу мақсаты

  • Жеке деректеріңізді жоғарыда сипатталғандай келесідей мақсаттарда пайдалануымыз мүмкін:
    жұмыс тапсырмаңызға және жұмыс тапсырмасы/жұмыс мазмұны бойынша тікелей ABB компаниясына көрсетілетін қызметтеріңізге қатысты кадрды басқару, оның ішінде ұйым және қызметкерлер жетекшілігі, жұмыс сағаттарын басқару, қызметкерлердің тиімді басқарылуын жақсарту және қамтамасыз ету, ішкі жұмыс күшін талдау, есеп беру және жоспарлау; 

  • бүкіл сатып алу, логистика және жеткізу тізбегі бойынша жеткізуші және қызмет көрсету провайдерін басқару, оның ішінде тендер, іскерлік келісім, өңдеу тапсырыстары, сатып алу операцияларының өңделуі және жүзеге асуы қамтылған байланыстық өзара қарым-қатынас, сатып алу операциялары мен шот-фактуралардың өңделуі мен жүзеге асуы және байланыстық өзара қарым-қатынас қамтылған жеткізушілер, вендорлар, мердігерлер, кеңесшілер және басқа да білікті сарапшылардың жетекшілігі мен оларды басқару және келісімшарт мерзімін басқару; 

  • түрлі бөлімшелерден қызметкерлердің ауысуын басқару және орын басарлықты жоспарлау; 

  • мердігерлерді дайындау; 

  • ішкі денсаулық және қауіпсіздік бағдарламалары; 

  • іссапар және шығындарды басқару және іскерлік сапарларды ұйымдастыру, оның ішінде қауіпсіздік немесе медициналық тұрғыдағы оқыс оқиғалар кезінде қолдау көрсету үшін іссапардағы қызметкерлерді бақылау, іссапар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық және қауіпсіздік бойынша дайындықтан өткізу және оқыс оқиғалар кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін ерікті түрде көмек көрсету, сақтандыруды басқару; 

  • есеп жазбасын қамтамасыз ететін қаржы және ортақ бухгалтерлік есеп қызметтері, қызметтерді төлеуге арналған қолма қол ақша және сатып алу қаулысы; 

  • жұмыс өнімділігі мен нәтижелерін пайдалану және сызбалар, сатып алуға тапсырыстар, сатуға тапсырыстар, шот-фактуралар, есептер сияқты құжаттар сілтемелері үшін;  

  • қызметтерді, өндіріс нысандарын және компанияларды қайта ұйымдастыру, сатып алу және сату; 

  • ABB корпоративтік саясатының, келісімшарт міндеттемелерінің және заңды талаптардың сәйкестігін бақылау және тексеру; 

  • реттеуші органдардың міндеттемелеріне сәйкес келу үшін аудиттер, тексерістер және нормативтік тексерістер жүргізу; 

  • өнімдердің, нысандардың, қызметтердің, жүйелердің, желілердің, компьютерлердің және ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау, қауіпсіздіктің бұзылуына, алаяқтыққа немесе басқа да қылмыстық не арам ниетті әрекеттерге жол бермеу және олардың бар-жоғын анықтау, бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 

  • АТ ресурстарын басқару, оның ішінде деректердің резервтік көшірмесін жасау қамтылған инфрақұрылымды басқару, ақпарат жүйелеріне қолдау көрсету және қолданбаның қызметтік операцияларын басқару, ақырғы пайдаланушыға қолдау көрсету, сынау, техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік (оқыс оқиғаға реакция, қауіп, сезімталдық, жүйеге рұқсатсыз кіру әрекетіне реакция), негізгі деректер және жұмыс орнын, оның ішінде пайдаланушы тіркелгілерін басқару, бағдарламалық жасақтама лицензияларын иелену, қауіпсіздік және өнімділікті сынақтан өткізу және бизнес тұрақтылығы. 

Біз жеке деректеріңізді тек жоғарыда сипатталған мақсаттар бойынша жинаймыз. Статистикалық мақсаттар бойынша, қызметтерімізді жақсарту және АТ жүйелерімізді сынақтан өткізу үшін біз барынша анонимделген деректерді пайдаланамыз. Бұл бұдан былай осы деректердің тікелей сізді анықтамайтынын және сізді жеке тұлға ретінде көрсетпейтінін білдіреді.

5. Біз сұраған ақпаратты бізге бермеген немесе ақпаратыңыздың өңделуін тоқтату туралы сұраған жағдайда не болады?

Жұмыс тапсырмаңызға (жоғарыда сипатталғандай) байланысты өңдеу әрекеттеріне қатысты жағдайларда, ABB компаниясы сізбен, жұмыс берушіңізбен және сізді ABB компаниясына тағайындаған компаниямен тиісінше іскерлік қарым-қатынасты белгілі бір жеке деректерсіз орната алмайды, жүргізе алмайды  үзе алмайды және жалпы жоғарыда сипатталған мақсаттарды орындай алмайды. Дегенмен біз сізді жеке деректеріңізбен бөлісуге міндеттей алмаймыз, бірақ сізбен, жұмыс берушіңізбен немесе сізді ABB компаниясына тағайындаған компаниямен келісімшартқа отыру немесе жұмыс тапсырмаңызды белгіеп, жалғастыру үшін талап етілген келісімшарт алдындағы шараларды орындай алмау сияқты жұмыс тапсырмаңызға кері әсерін тигізуі мүмкін себеп-салдары бар екенін ескеріңіз.

6. Біз ұстанатын заңды негіз

Біз жеке деректеріңізді осы ескертпеде сипатталған мақсаттар бойынша төмендегі қолданыстағы заңды негіздердің біріне сүйене отырып пайдаланамыз:

  • Біз жеке деректеріңізді жұмыс тапсырмаңызға байланысты туындаған келісімшарт міндеттемелерін орындау үшін немесе біз қабылдаған келісімшарт алдындағы шаралардың бір бөлігі ретінде өңдей аламыз.

  • Кейбір жағдайларда жеке деректеріңізді өңдеу үшін өзіміздің заңды мүдделерімізді негізге аламыз. Бұл сіздің жеке құпиялылық мүддеңізге қайшы келмейді. Мұндай мүдделерге мыналар кіреді:

    • жалпы мағынада бизнесімізді жүргізу, басқару, жақсарту және жетілдіру, оның ішінде өнімдер мен қызметтерді жеткізу, жеткізуші тарапынан келісімдердің орындалуы және тапсырыстың басқарылуы, сатып алу операцияларының өңделуі және жүзеге асуы, өңдеу сапасын басқару және өнімдерді немесе қызметтерді жақсарту, сараптау және нарықты зерттеу, сатып алу процестеріндеәдепкі қауіптерді азайту және қызметтерді, өндірістік бөлімдерді және компанияларды қайта ұйымдастыру, сатып алу және сату;

    • заңды, нормативтік, стандартты және ABB ішкі талаптары мен саясатына сәйкестікті бақылау, зерттеу және қамтамасыз ету;

    • алаяқтық және қылмыстық әрекеттерге жол бермеу, оның ішінде осындай әрекеттерді зерттеу, ABB активтерінің, өнімдері мен қызметтерінің дұрыс пайдаланылмауына жол бермеу және желі және ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін қатаң түрде қажет әрі үйлесімді жасау;

    •  

      • жеке деректерді АВВ компаниясы шеңберінде ішкі әкімшілік мақсаттар бойынша қажетінше тасымалдау (мысалы, орталықтандырылған қызметтермен қамтамасыз ету үшін). 

       

Жеке деректеріңіздің осы мүдделер бойынша өңделу себебін бағалау құжатының көшірмесін www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұрау жіберу арқылы алуға болады.

  • Кейбір жағдайларда жеке деректеріңізді заңды міндеттемелер және нормативтік актілер талаптары негізінде (мысалы, салық немесе есеп беру міндеттемелері негізінде) өңдейміз. Басқарушы органдармен серіктестік міндеттемелері, нормативтік құжаттарды сақтау мерзімдері немесе ресми не соттық шаралар шеңберінде жеке деректерді ашу дәлел алу, заңмен қудалау немесе азаматтық құқық талаптарының іске асуы үшін талап етілуі мүмкін.

Жеке деректердің арнайы санаттарына қатысты бұл деректерді тек қолданыстағы заңға сәйкес өңдейміз және:

  • қолданыстағы заңға сәйкес арнайы әрекеттер бойынша тікелей келісім беруіңізді сұраймыз немесе

  • заңды талаптардың орнатылуы, іске асуы және қорғалуы үшін қажет болған жағдайда.

Сотталғандық және құқықбұзушылыққа байланысты жеке деректерге қатысты, бұл деректерді тек қолданыстағы (жергілікті) заң тарапынан рұқсат берілген жағдайда ғана өңдейміз.

7. Жеке деректеріңізді ортақ пайдаланатын тараптар (ЕО және ЕЭА ішінде немесе одан тыс не деректеріңізді бақылайтын АВВ компаниясы орналасқан елден тыс)

Жеке деректеріңізді төмендегі кестеде сипатталған мақсаттарда тек басқа АВВ филиалдарымен немесе үшінші тараптармен ортақ пайдаланамыз. Егер жеке деректеріңізді Еуропалық одаққа ("ЕО") және Еуропалық экономикалық аймаққа ("ЕЭА") тасымалдануы үшін немесеосы аймақтардан тыс немесе жұмыс берушіңіз орналасқан елден тыс қолжетімді болуы үшін филиалмен немесе үшінші тараппен бөліскен жағдайда, біз әрдайым жеке деректеріңізді қорғау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдаймыз. Осы қауіпсіздік шараларының мысалдары Еуропалық комиссияның (толығырақ оқу үшін осында басыңыз), Стандартты келісімшарт тармақтарының (толығырақ оқу үшін осында басыңыз), Privacy Shield сертификатының (толығырақ оқу үшін осында басыңыз) және кейбір жеткізушілеріміз қабылдаған Міндетті ұйым ережелерінің (толығырақ оқу үшін осында басыңыз) шаралардың жеткіліктігі туралы шешімі болып табылады. Біз жеке деректеріңізді қорғау үшін деректердің ЕО, ЕЭА және жұмыс берушіңіз орналасқан елден тыс тасымалдануына арналған қосымша шаралар қабылдадық. Қолданыстағы қауіпсіздік шараларымен танысқыңыз келсе, www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұраныс жіберіңіз. 

Қабылдаушы санаты

Қабылдаушының орналасқан жері

Мақсаты

АВВ филиалдары мен еншілес компаниялары

ABB еншілес компанияларының тізімінқараңыз 

Осы АВВ менеджері/әкімшісі, мердігерлермен байланысы бар Кадрларды басқару/қаржы/сатып алу және логистика 24/7 және АВВ сатып алу бөлімшелеріне қолдау көрсететін АВВ кадрларды басқару, АВВ қаржы, АВВ АТ қолдауы, АВВ ҒБҚО (Ғаламдық бизнес қызмет көрсету орталықтары) бөлімдерінің ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпесінде сипатталған мақсаттар

АВВ бизнес серіктестері (мысалы, уақытша жмыс күші мен жұмысқа қабылдау қызметтері/жұмыс берушіңіз немесе сізді АВВ компаниясына тағайындаған компания), дистрибьюторлар және агенттер

ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық)

Осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар

АТ қызметтер, оның ішінде АТ қолдау, кеңес беру қызметтері, бөгде компаниялар қызметтері, дербес агенттер, төлем процессорлары, рейтингілік және бағалау қызметтері, кәсіби және кеңес беру қызметтері, оның ішінде бухгалтерлер, аудиторлар, заңгерлер, сақтандырушылар, банк қызметкерлері, рекрутерлер, туристік агенттіктер сияқты қызмет көрсету провайдерлері және АВВ компаниясының атынан жұмыс істейтін басқа да кеңесшілер немесе қызмет көрсету провайдерлері

ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық)

Осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар

АВВ бизнес нысандарын немесе активтерінің ықтимал немесе нақты сатып алушылары 

ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық)

Осы бизнес нысандарын немесе активтерді бағалау үшін немесе осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар бойынша

Қолданыстағы заңға немесе сот үдерісіне, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жән т.б. талаптарына сәйкес қабылдаушылар

ЕО/ЕЭА және ЕО/ЕЭА емес (ғаламдық)

Қолданыстағы заң немесе мемлекеттік органдардың заңды сұрауы арқылы талап етілген не қолданыстағы заңды талап болған жағдайда

Жеке деректеріңізді қорғау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шараларының көшірмесін www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша сұраныс жіберу арқылы алуға болады.  

Жеке деректеріңіздің сақталу ұзақтығы

Міндетті заңнама негізінде АВВ компаниясы белгілі бір жеке деректерді ең қысқа уақыт кезеңі бойынша сақтауы керек. Жеке деректеріңізді осы ақпаратты пайдалану тәртібі бойынша ескертпеде сипатталған мақсаттар үшін қажет уақыт ішінде ғана сақтаймыз. Негізі, жеке деректер жұмыс тапсырмаңыздың барысында ғана сақталады. Салық және есеп жүргізу мақсаттарында заңды түрде талап етілген жағдайда, жеке деректеріңіздің талап етілген қосалқы жиынтығын сақтаймыз (әдетте тапсырманың аяқталған күнінен бастап 5-10 жыл аралығында). Осы уақыттан кейін, жеке деректеріңізді қауіпсіз түрде жоямыз. Жеке деректеріңізді маркетингтік мақсаттарда пайдалануға АВВ компаниясына берген жеке келісіміңіз бойынша, қажетті жеке деректеріңізді сіз АВВ компаниясынан бұдан былай маркетингтік хабарлар алуды қаламайтыныңыз жайлы ескерткенге дейін сақтап, содан кейін оларды қауіпсіз түрде жоямыз.

Сонымен қатар қолданыстағы деректерді қорғау заңдары жеке деректерді айқындаушы пішінде өңделу мақсаттары үшін қажет уақыттан ұзақ мерзімге сақтамауымызды талап етеді. АТ қолданбалары мен саясаттарын орнату арқылы, сақтаулы тұрған жеке деректеріңіздің бізге қажет болмаған жағдайда жойылатынына кепілдік береміз.

Сонымен қатар қолданыстағы деректерді қорғау заңдары жеке деректерді айқындаушы пішінде өңделу мақсаттары үшін қажет уақыттан ұзақ мерзімге сақтамауымызды талап етеді. АТ қолданбалары мен саясаттарын орнату арқылы, сақтаулы тұрған жеке деректеріңіздің бізге қажет болмаған жағдайда жойылатынына кепілдік береміз.

AВВ жүйелерінің қауіпсіздігі мен бақылануы

АВВ компаниясы өз деректерінің, оның ішінде ақпаратыңыздың және АВВ сандық бизнес активтерінің қауіпсіздігіне аса мән береді. АВВ компаниясы бұны ортақ жауапкершілік деп санайды: осындай деректерді қорғау үшін қажетті шаралар қабылдайды және мердігерлерден де осыны талап етеді. Қауіпсіздік шараларымыз бен жауапкершіліктеріңіз туралы толық ақпарат алуға боладыАқырғы пайдаланушының қауіпсіздік саясаты

АВВ жүйелерінің бақылануы

Іскерлік мақсатта және АТ қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін АВВ жүйелерін, оның ішінде телефон (мобильді және стационарлы) және компьютер жүйелерін (оның ішінде электрондық поштажәне интернетке қатынасу) пайдалану және олардың жеке пайдаланылуы туралы ақпарат АВВ жүйесінің қауіпсіздігі және АВВ қаіуіпсіздік тобы саясатының талаптары мен қолданыстағы заңға сәйкес болу үшін қажет болғанда жиналып, бақыланады және пайдаланылады. АВВ АТ және байланыс жүйелеріндегі құпиясөздер мен логин аттары арқылы қызметтерге қатынасқан жағдайда, бұл сіздің қатынасу мәліметтеріңізді АВВ компаниясы көре алатынын білдіреді.

Бақылау тек рұқсат етілген дәрежеде немесе заң талаптарына сәйкес және іскерлік мақсатта қажет не ақталатын деңгейде жүргізіледі. Алынған журнал файлдары 7-бөлімге сәйкес ең қысқа мерзімге сақталады. Бұл қажетсіз пайдалану әрекеттерінің немесе басқа да қауіпсіздік оқиғаларының бар-жоғын анықтау және осы ақпараттың келесі зерттеу мен кейінгі әрекеттерге қолдау көрсету үшін қолжетімді болуы үшін қажет. Заң және ішкі саясат рұқсат еткен дәреже бойынша шаралар тәртіптік процедураға сәйкес қабылдануы мүмкін.

Қажет болса, осындай ақпарат полицияға немесе басқа да құқық қорғау органдарына берілуі мүмкін. Ақпараттың зерттелуі және тиісті органдарға берілуі тек заң рұқсат еткен дәрежеде жүргізіледі.

Деректеріңіздің құпиялылық құқықтары

Сіз тұрып жатқан және жеке деректеріңіз өңделіп жатқан жердегі құзыретке байланысты мынадай құқықтарға ие болуыңыз мүмкін:

Деректердің құпиялылық құқықтары

Мағынасы

Деректеріңізге қатынасу құқығы

АВВ компаниясынан сақтаулы тұрған жеке деректеріңіздің шолуын немесе көшірмесін сұрап алуыңызға құқығыңыз бар.

Деректеріңізді түзету құқығы

Бізде сақтаулы тұрған қате немесе толық емес жеке деректеріңіздің дереу түзетілуін талап ете аласыз.

Деректеріңізді жою құқығы

Қолданыстағы заң деректерді жоюға міндеттесе немесе оларды өңдеу заңға қайшы болса, жеке деректеріңіз қажет болмаған жағдайда жойылуын талап ете аласыз.

Деректердің өңделуін шектеу құқығы

Белгілі бір жағдайларда жеке деректеріңіздің өңделуін шектеуге құқығыңыз бар.

Деректерді тасымалдау құқығы

Жеке деректеріңізді өз мақсаттарыңыз бойынша құрылымдалған, машинамен оқылатын пішімде алуға немесе бізден үшінші тарапқа жіберуді сұрауға құқығыңыз бар.

Деректердің өңделуіне қарсылық білдіру құқығы

Жеке деректеріңізді өңдеу үшін өз заңды мүдделерімізге сүйенген жағдайда және деректерді қорғау құқықтарыңыз біздің заңды мүдделер негізімізден басым болған жағдайда, жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіруге құқығыңыз бар.

Келісімді қайтарып алу құқығы

АВВ компаниясы жеке деректеріңізді өңдеу үшін келісім беруіңізді сұрасам, оны кез келген уақытта қайтарып ала аласыз. Келісімді қайтарып алу қайтарып алынғанға дейінгі келісімге негізделген өңдеу заңдылығына әсер етпейді.

Жоғарыда сипатталған құқықтардың абсолютті емес екенін және сұрауыңыз әрдайым толық қанағаттандырылмайтынын ескеріңіз. Мысалы, жеке деректеріңізді кейде жоя алмаймыз немесе өңделуін шектей алмаймыз, себебі белгілі бір жеке деректерді сақтау үшін заңды немесе келісімшарттық міндеттемелеріміз болуы мүмкін.

Жеке деректеріңіздің құпиялылық құқықтарының сақталуына www.abb.com/privacy мекенжайы арқылы сұраныс жіберуге болады.  

Байланыс және қосымша ақпарат

Жеке деректеріңізге қатынасу және жоғарыда аталған басқа да құқықтарыңызды пайдалану қажет болған жағдайда немесе жеке деректеріңіздің АВВ тарапынан өңделуіне қатысты сұрақтарыңыз не күмәніңіз болған жағдайда, [email protected] мекенжайы бойынша топтық деректерді қорғау қызметкеріне хабарласыңыз немесе шағымыңызды www.abb.com/privacy мекенжайы бойынша жіберіңіз. 

Егер біздің жауабымызға қанағаттанбасаңыз немесе жеке деректеріңізді заңға қайшы түрде өңдейтінімізге күдіктенсеңіз, сондай-ақ тұратын еліңіздегі немесе жұмыс орныңыздағы Деректердің құпиялылығын сақтау органына шағым түсірсеңіз болады немесе деректердің құпиялылығын сақтау заңдары бұзылды деп есептесеңіз сотқа жүгінсеңіз болады.

Жарияланған күні:  қараша 29, 2019